Конор Макгрегордың басы тағы да дауға қалды

Конор Макгрегордың басы тағы да дауға қалды
Жекпе-жек

UFC-дегі үздік спортшылардың бірі, ирландиялық Конор Макгрегордың басы тағы дауға қалды. Бұл жолы аралас жекпе-жек шеберіне әйел адамға шабуыл жасады деген айып тағылып отыр, деа хабарлайды BasSport.kz тілшісі. 

Өткен жылдың шілде айында Ибица аралында яхтада туған күнін тойлап жатқан Макгрегор әйел адамға шабуыл жасаған. Тіпті, бір сәтте ашуға мінген спортшы жәбірленушінің ішіне және иегіне соққы жасаған. Одан кейін суға батырамын деп қорқытқан. 

Жәбірленуші яхтадан суға секіруге мәжбүр болған, оны “Қызыл Крестің” патрулі құтқарып, жағаға шығарған.

Енді 42 жастағы әйел физикалық зорлық-зомбылық көрсеткені үшін Конор Макгрегорды сотқа бермекші.