Қазақстандық пара биатлоншы әлем чемпионатының қола жүлдесін жеңіп алды

Қазақстандық пара биатлоншы әлем чемпионатының қола жүлдесін жеңіп алды
Қысқы спорт

Қазақстандық пара биатлоншы Ербол Хамитов әлем чемпионатының қола жүлдесін еншіледі, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі. 

Ол 7,5 шақырым қашықтықты 25:07,3 уақыт көрсеткішімен аяқтап, пара биатлоннан әлем чемпионатында үшінші орын алды. Канадалық спортшы Кэмерон Коллин әлем чемпионы атанса, америкалық Арон Пике күміспен күптелді. 

Айта кетейік, пара биатлон мен пара шаңғыдан Швецияның Эстерсунд қаласында өтіп жатқан әлем біріншілігінде ел намысын 7 спортшы қорғап жатыр: Александр Герлиц, Ербол Хамитов, Денис Петренко, Сергей Усольцев, Юрий Березин, Денис Зинов, Нұрлан Әлімов. 

Жалпы, 29 қаңтарға дейін жалғасатын жарыста 18 елдің 102 спортшысы бақ сынап жатыр.