Әділ Ғалиахметов бастаған шорт-трекшілер Универсиаданың күміс жүлдесін иеленді
Қысқы спорт
ХХХІ Дүниежүзілік қысқы Универсиада ойындарының кезекті жарыс күнінде Қазақстан құрамасының қоржыны тағы бір жүлдемен толықты, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі.
Шорт-тректен Қазақстан ерлер құрамасы 5000 метрге жүгіру эстафетасында күміс жүлдеге ие болды. Эстафета сынында ел намысын Әділ Ғалиахметов, Санжар Жанисов, Валерий Клименко қорғады. Олар қашықтықты 7 минут 12.409 секундта бағындырды. Универсиаданың алтыны Оңтүстік Корея (7:10.689) құрамасына, қоласы Нидерланд еліне (7:12.450) бұйырды.
Қазір Қазақстан қоржынында Дүниежүзілік қысқы студенттік ойындардың 9 медалі бар, оның үшеуі алтын, төртеуі күміс, екеуі қола.