Александр Мухин Универсиададағы екінші жүлдесін иеленді
Қысқы спорт
Лейк-Плэсидте (АҚШ) өтіп жатқан қысқы Универсиада ойындарының кезекті жарыс күнінде Қазақстан құрамасы қоржынына күміс медаль түсті, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.
Биатлоннан 15 шақырымдық масс-стартта бақ сынаған қазақстандық спортшы Александр Мухин мәре сызығын 40 минут 18,5 секундта кесіп өтіп, жарысты екінші болып аяқтады. Осылайша, ол Қазақстан қоржынына Универсиаданың сегізінші медалін салды.
Биатлонның масс-старт сынының алтыны франциялық Аксель Гарньеге, қоласы норвегиялық Орьян Мосенгке бұйырды.
Осы қашықтықта жарыс жолына шыққан отандастармыз Кирилл Бауэр 4-ші, Вадим Куралес 7-ші, Бекентай Тұрлыбеков 19-шы нәтижені тіркеді.
Қазір ел қоржынында 3 алтын, 2 күміс және 2 қола медаль бар.