Аңыз теннисші Рыбакинаның Швентекке қарсы ойынына болжам жасады

Аңыз теннисші Рыбакинаның Швентекке қарсы ойынына болжам жасады
Теннис

Теннистен "Үлкен дулыға" жарыстарының жеті дүркін чемпионы Матс Виландер әлемнің бірінші ракеткасы, польшалық теннисші Ига Швентектің ойын стиліне баға беріп, Елена Рыбакинамен болар матчына болжам жасады, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі. 

"Спортшының жеңу мүмкін емес ойын стилі болады. Егер допты қатты күшпен ойынға қосып, оны кейін қайтара алмасаңыз, Ига Швентекті жеңу мүмкін емес. Новак Джокович немесе Рафаэль Надаль сынды ойыншыларды көп жыл бойы бақыласаң, оларды кімнің жеңуге қауқары жететінін бірден білесің. Новак пен Рафа ерлер теннисінде қандай маңызды рөл ойнаса, Ига әйелдер арасында сондай мәртебе ие. Жарыстағы теннисшілердің жартысы Иганы жеңе алмаймыз деп ойлайды. Сондай-ақ, Швентектің жоспарына қарсы тұра алатын ойыным бар деп есептейтіндер де бар. Ол қатарға Елена Рыбакина, Джессика Пегула кіреді", - деп келтіреді маманның сөзін EuroSport.

Ертең 22 қаңтар күні Australian Open-нің 1/8 финалы аясында Елена Рыбакина мен Ига Швентек кездеседі.