Айгерім Сәттібаева Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды

Айгерім Сәттібаева Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды
Бокс

ҚБФ

Қазақстандық боксшы Айгерім Сәттібаева 2026 жылғы Азия чемпионатының жартылай финалында өнер көрсетті.

Байрақты бәсеке World Boxing ұйымдастыруымен Улан-Батор қаласында өтіп жатыр, деп хабарлайды Bassport.kz.

48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен отандасымыз жергілікті спортшы Номундари Энх-Амгаланмен қолғап түйістірді. Жекпе-жектің алғашқы раундында Айгерім 3:2 есебімен басым түскенімен, кездесу қорытындысында төрешілер жеңісті моңғолиялық боксшыға берді. 

Нәтижесінде, Номундари Энх-Амгалан финалға жолдама алса, Айгерім Сәттібаева жарысты қола жүлдемен аяқтады.

Айта кетейік, Айгерім Сәттібаева – бес баланың анасы. Ол 2025 жылы Қазақстан чемпионатында топ жарған болатын.