Универсиада: Васильев пен Ткаченко күміске қол жеткізді
Қысқы спорт
АҚШ-тың Лейк-Плэсидінде өтіп жатқан қысқы Универсиада ойындарында ел қоржынына тұғырдан секіруден күміс медаль түсті, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі.
Шаңғымен тұғырдан секіруден ерлер арасындағы командалық сыгда өнер көрсеткен Данил Васильев пен Сергей Ткаченко жалпы 470,3 ұпай жинап, Универсиаданың күмәс жүлдесін еншіледі.
Бұл Данил Васильевтің студенттердің ақ ойындарында иеленген екінші медалі. Бған дейін ол жекелей сында Универсиада чемпионы атанған.
Бүгінде ел қоржынында 3 алтын, 1
күміс, 2 қола медаль бар.