Шаңғышы аруларымыз қысқы Универсиаданың қоласын еншіледі
Қысқы спорт
АҚШ-тың Лейк-Плэсидінде өтіп жатқан ХХХ қысқы Универсиада ойындарында ел қоржынына екінші қола медаль түсті. Бұл жолы шаңғышы аруларымыз ел мерейін үстем етті, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі.
Әйелдер арасындағы командалық шаңғы жарысында (3х5 км) ел намысын Айша Ракишева, Надежда Степашкина, Ксения Шалыгиналар мәре сызығын үшінші болып кесіп өтіп, Универсиаданың екінші қоласын қанжығаға басты.
Бұрымдыларымыз бәсекеге түскен бұл сында Универсиада алтыны Финляндияға, күмісі Норвегияға бұйырды.
Айта кетейік, қазіргі таңда Қазақстан қоржынында 3 алтын, 2 қола медаль бар.