Қазақстандық шахматшылардың әлем чемпионатындағы жеңісі үшін алған сыйақы мөлшері белгілі болды

Қазақстандық шахматшылардың әлем чемпионатындағы жеңісі үшін алған сыйақы мөлшері белгілі болды
Басқа

Өткен жылдың соңында блиц пен жылдам шахматтан Алматыда өткен әлем чемпионатында топ жарып, жүлде еншілеген қазақстандық шахматшы қыздарға берілген сыйақы мөлшері белгілі болды, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі. 

Оңтүстік астанада өткен әлем біріншілігінде чемпион атанған Бибісара Асаубаеваға 40 мың доллар берілді. Күміс медальға ие болған Динара Сәдуақасова халықаралық додадағы жетістігі үшін 30 мың доллар сыйақы алды. Жарыс нәтижесінде бесінші орынға табан тіреген Жансая Әбдумәлік те сыйақысыз қалмаған. Сондай-ақ, спортшыларға, атап айтса, Бибісара Асаубаеваға, Жансая Әбдумәлікке, Динара Сәдуақасова мен өткен жылы блицтен Азия чемпионы атанған Ринат Жұмабаевқа "Жеңіс" ордені табысталған.