Махмұд Сабырхан уақытынан бұрын жеңіске жетіп, 1/2 финалға өтті

Махмұд Сабырхан уақытынан бұрын жеңіске жетіп, 1/2 финалға өтті
Бокс

Бокстан 22 жасқа дейінгі жастар арасында Тайландтың Бангкок қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатының үшінші жарыс күнінің кезекті жекпе-жегінде Махмұд Сабырхан жеңіске қол жеткізді, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі. 

Малайзиялық Акмал Мұхаммедпен сынға түскен қазақстандық боксшы бірінші раундта қарсыласын нокдаунға жіберген, алайда кездему қайта жалғасын тапты. Содан соң екінші үш минуттықта 57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ел намысын қорғайтын спортшы малайзиялық былғары қолғап шеберін тағы да нокдаунға жіберіп, кездесу уақытынан бұрын аяқталды. Осылайша, Махмұд Сабырхан жартылай финалға жолдама алып, Азия чемпионатының кем дегенде қола жүлдесін қанжығасына байлады.