Капитан матч тағдырын шешті: "Барыс" "Тракторды" жеңіп кетті

Капитан матч тағдырын шешті:
Хоккей

Құрлықтық хоккей лигасы тұрақты маусымы аясында астаналық "Барыс" сырт айдындағы алғашқы матчын челябілік "Тракторға" қарсы өткізіп, овертаймда жеңіске жетті. Үшінші кезеңде есепті теңестіріп, одан соң бірден алға шыққан қазақстандық команда төрт матчтан тұратын жеңілістер сериясын үзді, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі. 

"Трактор" (Челябинск) - "Барыс" (Астана) - 2:3 ОТ (0:0, 1:0, 1:2, 0:1)

1:0 - 38:06 - Горюнов-Рольгизер (Калинин)

1:1 - 41:13 - Сагадеев (Ножье, Михайлис)

1:2 - 42:05 - Борисевич (Михайлис, Грант)

2:2 - 47:14 - Хэмилтон (Ткачев, Тертышный)

2:3 - 63:36 - Михайлис

Қақпашылар: Мыльников - Гудачек