Астанада шахмат тәжі үшін талас өтеді

Астанада шахмат тәжі үшін талас өтеді
Басқа

7 сәуір - 1 мамыр аралығында Астанада 2023 әлем чемпионаты өтеді. Бұл туралы Халықаралық шахмат федерациясы (FIDE) мәлімдеді, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі. 

2022 жылғы үміткерлер турнирінің жеңімпазы Ян Непомнящий пен сол жарыста екінші орын алған Дин Лижэнь Қазақстан астанасында шахмат тәжі үшін таласады. Турнирдің жалпы қоры 2 млн доллар болады, әлем чемпионы атанған спортшыға осы қаражаттың 60%-ы беріледі. 

Айта кетелік, әлем чемпионатының қазіргі жеңімпазы норвегиялық Магнус Карлсен чемпиондық атағын қорғаудан бас тартқан. Ал Қазақстан болса, әлем біріншілігін өткізу құқығы үшін Аргентинамен бәсекеге түскен болатын.