Шаңғышымыз Ксения Шалыгина жүлдеге бір қадам жерде тоқтады

Шаңғышымыз Ксения Шалыгина жүлдеге бір қадам жерде тоқтады
Қысқы спорт

АҚШ-та өтір жатқан Дүниежүзілік студпенттер ойындарының шаңғы жарысында ел намысын қорғап жатқан спортшылардың бірі Ксения Шалыгина қолаға бір қадам қалған жерде тоқтады, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі. 

Жекелей сынның классикалық әдіспен бес шақырымға жүгіру сынында Ксения Шалыгина төртінші орынға тұрақтажы. 13 минут 20.8 секунд нәтижесімен Универсиада чемпионы атанған финляндиялық Хилла Ниемеладан қазақстандық спортшы 25.5 секундқа қалып қойды. Ал қоланы қанжығасына байлап кеткен италиялық шаңғышы Мария Боккардиден 3.3 секундқа ғана жол берді.Тағы бір қазақстандық шаңғышы Надежда Степашкина жарысты 10-орынмен (14 минут 13.4 секунд) аяқтады.