Қазақстан қыздарынан шыққан Олимпиада чемпионы фамилиясын ауыстырып тастады

Қысқы спорт
Белоруссия атынан сынға түсетін Олимпиада чемпионы Динара Әлімбекова фамилиясын ауыстырып тастады. Ол күйеуі Антон Смольскийдің тегіне өткен, деп хабарлайды Bassport.kz.
Қазақ қыздары арасынан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы жақында тұрмысқа шыққан болатын. Оның таңдауы - биатлоннан Беларусь құрамасының капитаны Антон Смольскийге түскен.
Тегін ауыстырғаны туралы жаңалықты спортшыны өзі хабарлады.«Жанкүйерлері мені таниды деп ойлаймын», - деді Динара.
Динара Әлімбекова 2018 жылғы Олимпиада ойындарында биатлон эстафетасынан чемпион атанды. Ол – Қазақстанның тумасы.