Ел қоржынына Универсиаданың екінші алтыны түсті
Қазақстандық шаңғымен тұғырдан секіруші Данил Васильев ел қоржынына 2023 жылғы Универсиаданың екінші алтын медалін саллы, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.
Алғашқы мүмкіндікдігінде қазақстандық спортшы 127.2 ұпаймен бірінші орын алды, финалдық кезеңде 130.1 ұпаймен екінші орынға тұрақтады. Ал қос мүмкіндіктің қосындысында 257.3 ұпаймен австриялық Максимиллиан Линхер (251.4) мен Тимон Паскаль Кахоферді (248.8) басып озған Данил Васильев Лейк-Плэсидтегі Бүкіләлемдік қысқы Универсиаданың жеңімпазы атанып, ел қоржыныны екінші алтын медальді салды.
Шаңғымен тұғырдан секіруде өнер көрсеикен өзге қазақстандық спортшылардың нәтижелері:
Сергей Ткаченко - 220.9 ұпай, жетінші орын;
Никита Девяткин - 216.2 ұпай, тоғызыншы орын;
Святослав Назаренко - 147.3 ұпай, жиырмасыншы орын;
Мағжан Амангелдіұлы - 144.5 ұпай, жиырма бірінші орын.
Бұған дейін биатлоншы Вадим Куралес Универсиада чемпионы атанған болатын.