Игита отадан кейінгі жағдайымен бөлісті
Басқа
Футзалдан алматылық “Қайрат” командасы мен Қазақстан ұлттық құрамасының капитаны Лео Игита Рио-де-Жанейрода (Бразилия) ота жасалды, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.
Спортшы жанкүйерлерге арнап өзінің Instagram парақшасының Stories-інде отадан кейін жағдайын айтып, бейнежазба жариялады.
“Бәріңізге сәлем! Қазіи Рио-де-Жанейродағы ауруханалардың біріндемін. Ота сәтті жасалды, десе де әлі дәрінің әсерін сезініп жатырмын. Уайымдаған барша жанға алғыс айтамын. Бәріңізді құшақтадым. Игита жақында қайта оралады”, - деп айтқан бейнежазбада Игита.
Сондай-ақ, “Қайрат” та өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында Игитаның жағдайы жақсв екенін жеткізіп, арқасына жасалған отадан кейін спортшының 8-12 аптада қалыпқа келетінін жазды.
Еске салайық, Игита жарақатының кесірінен Алматыда өткен Чемпиондар лигасына қатыса алмай қалған болатын.