"Қайсар" Әзербайжанның екі дүркін чемпионымен кездеседі

Футбол

Қызылордалық "Қайсар" жаңа маусымға дайындық барысында Әзербайжанның екі дүркін чемпионы "Шамахы" командасымен кездеседі. Командалардың жолдастық матчы 11 қаңтар күні өтеді, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі. 

"Шамахы" 2022-2023 жылғы Әзербайжан чемпионатының 18 турынан кейін утрнирлік кестеде жетінші орында келе жатқан команда. Клуб 2007-2008 және 2009-2010 жылдар маусымында Әзербайжан чемпионы атанған. 

Еске салайық, "Қайсар" Қазақстан Премьер-Лигасы өзге клубтарымен салыстырғанда, маусымға дайындықыт ерте бастады. Қызылордалық клуб бұған дейін екі жолдастық кездесу өткізіп үлгерді. Алдымен италиялық "Сампдорияға" қарсы ойнап, 0:3 есебімен жеңілсе, кейін Өзбексатнның олимпиадалық құрамасымен сынға түсіп, 2:1 есебімен қарсыласына жол берді.