Жәнібек Әлімханұлы 2022 жылды қорытты

Жәнібек Әлімханұлы 2022 жылды қорытты
Бокс

WBO тұжырымы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы, қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы өз Instagram парақшасында 2022 жылға қорытынды жасады, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі. 

"2022 жыл қазақ кәсіпқой боксының тарихында қалады. Бұл айтулы оқиғаға себеп болғанымызға қуаныштымыз. Тұңғыш рет WBO тұжырымының әлем чемпионы белбеуін елге алып келдік. Аллаға шүкір. Мақсат орындалды. Командама алғыс, сенім артқан жанкүйерлерге көп рақмет! Бұйыртса 2023 жыл да тарихи жыл болғай!", - деп жазды Qazaq Style әлеуметтік желідегі парақшасында. 

Еске салайық, Жәнібек Әлімханұлы қараша айында орат салмақтағы әлем чемпионы атағын сәтті қорғап, ұлыбританиялық Дензел Бентлидің төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен жеңіске жеткен болатын.