Динара Сәдуақасова әлем чемпионатының күміс жүлдесін иеленді

Динара Сәдуақасова әлем чемпионатының күміс жүлдесін иеленді
Басқа

Қазақстандық шахмат шебері Динара Сәдуақасова Алматыда өтіп жатқан рапидтен әлем чемпионатының күміс жүлдесін иеленді, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі.

 12-турдан кейін Динара Сәдуақасова мен қытайлық Тань Чжуни тай-брейкке шығып, әлем чемпионатының жеңімпазы қосымша ойында анықталды. Ал шешуші сын - тай-брейкте қазақстандық спортшы қарсыласынан айласын асыра алмай, екінші орыннан көрінді. Ал Тань Чжуни рапидтен әлем чемпионы атанса, жарыстың қола жүлдесі үндістандық Савита Шриге бұйырды. Жансая Әбдумәлік болса, үзідк бестікті түйіндеді. 

Бұл Динара Сәдуақасованың мансабындағы ең ірі жетістігі екенін айта кетейік.