Екі шахматшымыз үздік ондықта немесе әлем чемпионатының екінші жарыс күнінің қорытындысы

Екі шахматшымыз үздік ондықта немесе әлем чемпионатының екінші жарыс күнінің қорытындысы
Басқа

Бұл күндері Алматыда жылдам шахмат пен блицтен әлем чемпионатын өтіп, бүгін біріншіліктің екінші жарыс күні аяқталды. Халықаралық доданың екінші сайыс күнінен кейін екі қазақстандық спортшы үздік ондықтың қатарына енді, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі. 

Жылдам шахматтан әйелдер арасындағы бәсекеде қытайлық Тань Чжунъи көш бастап тұрса, ресейлік Александра Горячкина екінші орында, ал 15 жастағы үндістандық Савита Шри үздік үштікті түйіндеп тұр. Осы сынның үздік ондығына екі қазақстандық спортшы енді. Жансая Әбдумәлік сегізінші орынға көтерлісе, Динара Сәдуақасова отандасынан бір саты төмен тұр - 9-орын. Ал Бибісара Асаубаева 54-орында.

Ерлер арасында норвегиялық Магнус Карлсен қарсылас шақ келтірер емес. Бұл бәсекеде ресейлік Владимир Федосеев екінші, өзбекстандық Нодирбек Абдусатторов үшінші келеді. Ал Қазақстан құрамасының көшбасшысы Әлішер Сүлейменов 38-орында келеді. 

Айта кетейік, жылдам шахматтан әйелдер арасындағы сынның аяқталуына 3 тур, ерлерде 4 тур қалды.