Қазақстан үстел теннисінен Азия Пара ойындарында екі қола жүлдені еншіледі

Қазақстан үстел теннисінен Азия Пара ойындарында екі қола жүлдені еншіледі
Теннис

Қазақстан Ұлттық паралимпиадалық комитеті

Қазақстан құрамасы Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан Азия Пара ойындарында тағы екі медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Bassport.kz ҰОК-ге сілтеме жасап.

Пара үстел теннисінен сынға түскен отандастарымыз Ардақ Нұрмағамбетов пен Али Махулбеков жеңіс тұғырына көтерілді. Ардақ Нұрмағамбетов 1 санаттағы А тобында айналмалы жүйе бойынша төрт кездесу өткізіп, екеуінде жеңіске жетті. Осылайша жарыс қорытындысы бойынша қола алды. Сондай-ақ Али Махулбеков 8 санатта сынға түсіп, жартылай финалға дейін жетті. 1/2 финалда жерлесіміз Чжао Шуайға 3:0 есебімен жол беріп, жарысты қола жүлдемен аяқтады.