Екі дүркін әлем чемпионы Медеу мұзында сырғанады

Екі дүркін әлем чемпионы Медеу мұзында сырғанады
Қысқы спорт

Мәнерлеп сырғанаудан екі дүркін әлем чемпионы Евгения Медведева Медеу мұзында Димаш Құдайбергеннің "Your Love" әніне сырғанады, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі. 

Евгения Медведеваның Instagram парақшасында жариялаған бейнежазбасына қазақтың маңдайына біткен жарық жұлдызы Димаш Құдайберген пікір білдірді.

"Сәтті өнер көрсетуіңізді тілеймін", - деп жазды Димаш Құдайберген пікірде. 

Еске салайық, бүгін "Медеу" мұз айдынына 50 жыл толып, әлем мен елге танымал спортшылар өнер көрсетті. Атап айтса, ресейлік Роман Костомаров, Евгения Медведева, Морис Квиталешвили сынды спортшылар арнайы келді. Қазақстандық спортшылар арасынан спорт кешенінің мерейтойлық салтанатына Олимпиада ойындарының қоал жүлдегері Людмила Прокашева, әлем чемпионатының күміс жүлдегері Элизабет Тұрсынбаева қатысты.