Қазақстан құрамасының қорғаушысы маусымды "Адмиралда" жалғастырады
Хоккей
Қазақстан ұлттық құрамасының, "Металлург" (Магнитогорск) хоккей клубының қорғаушысы Валерий Орехов жалға алу құқымен "Адмиралға" ауысып, биылғы маусымның соңына дейін Владивосток қаласы командасының сапында өнер көрсетеді, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі "Металлург" ХК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
23 жастағы қорғаушы магнитогорскілік клуб құрамына биылғы маусымның басында қосылған. Ол 14 кездесуге қатысты, бірақ нәтижелі әрекетімен көзге түскен жоқ. Оның пайдалылық көрсеткіші "+4".
Бұған дейін Валерий Орехов 5 жыо бойы астаналық "Барыс" сапында өнер көрсеткен. Ол Құрлықтық хоккей лигасында 225 кездесу өткізіп, 32 (8+24) ұпай еншілеген,