Роналду "Әл-Насрмен" 7 жылға келісімшарт жасасады

Роналду
Футбол

"Манчестер Юнайтедтің" экс-шабуылшысы Криштиану Роналду Сауд Арабиясының "Әл-Наср" клубымен 2030 жылға дейін келісімшарт жасасады, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі "Мarca" басылымына сілтеме жасап. 

Бұл 7 жылдың 2,5 жылын португалиялық спортшы клуб ойыншысы ретінде өткізсе, қалған уақытта Египет және Грекия елдерімен 2030 жылғы әлем чемпионатын өткізуге ниет етіп отырған Сауд Арабиясының елшісі қызметін атқарады. Бұл әлем чемпионатын өткізуге Испания мен Португалия да қызығушылық танытып, өтінім бергенін еске сала кетейік. 

Келісімшарт бойынша, Роналду "Әл-Наср" сапында өнер көрсететін әр маусымы үшін 200 млн еуро алады. Ал 2030 жылғы әлем чемпионатының елшісі ретінде алатын жалақысы әлі белгілі емес. 

Криштиану Роналду мен клуб жақын арады келісімшартқа қол қояды деп күтіліп отыр. Бүгін португалиялық футболшының Эр-Рияд қаласына ұшып барғанын хабарлағанбыз.