Роналду Эр-Риядқа ұшып барды
Футбол
Португалия ұлттық құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду Сауд Арабиясының “Әл-Наср” клубымен келіссөз жүргізу үшін Эр-Риядқа ұшып барды, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі “Foot Mercato” басылымына сілтеме жасап.
37 жастағы футболшы Эр-Риядта клуб басшылығымен кездесіп, келісімшартқа қол қою мәселелерін талқылайды. “Әл-Наср” клубы Роналдуға бір маусымдағы жалақысы 200 млн еуро болатын 2,5 жылға арналған келісімшарт ұсынып отыр.
Футболшы осы маусымда “Манчестер Юнайтед” сапында өнер көрсетіп, 3 гол соғып, 2 нәтижелі пас берген. 22 қараша күні клуб пен ойыншы екіжақты келісіммен арадағы келісімшартты бұзған болатын. Ал Катардағы әлем чемпионатында Роналду 5 кездесу өткізіп, 1 гол соқты.