Жансай Смағұлов жұбаныш белдесуінде қарсыласына есе жіберді
Дзюдо
Дзюдодан Иерусалимде өтіп жатқан Masters турнирінде 73 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Жансай Смағұлов жұбаныш белдесуінде жеңіске жете алған жоқ, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.
Ширек финалда өзбекстандық Обидхон Номоновтан жеңілген қазақстандық дзюдошы жұбаныш белдесуінде Петру Пеливанмен (Молдова) кездесіп, қарсыласына есе жіберді.
Осы салмақ дәрежесінде сынға түскен тағы бір отандасымыз Данияр Шамшаев алғашқы айналымда өзбекстандық Хикматиллох Тұраевтан жеңіліп, жарыс жолын аяқтады.
81 келіде де Қазақстанның бағы жанған жоқ. Абылайхан Жұбаназар да бірінші кезеңнен әрі өте алмай, бельгиялық Сами Чочиден жеңілді.
Қазақстандық спортшылардың Masters турнирінің екінші жарыс күніндегі нәтижелері осындай.