Қазақстандық каратэшілер Азия чемпионатын сәтті аяқтады

Қазақстандық каратэшілер Азия чемпионатын сәтті аяқтады
Басқа

Ташкентте өткен WKF каратэден Азия чемпионатында Қазақстан спортшылар сәтті өнер көрсетіп, жалпы командалық есепте 2-орын алды, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі. 

Қазақстан құрама командасының қоржынына сары құрлық бәсекесінің 10 алтын, 7 күміс және 9 қола жүлдесі түсті. Жалпы командалық есепте Жапония каратэшілері 18 алтын, 9 күміс және 9 қола медальмен көш бастаса, Иран үздік үштікті түйіндеді.