Бүгін Иерусалим татамиінде үш дзюдошымыз бақ сынайды

Бүгін Иерусалим татамиінде үш дзюдошымыз бақ сынайды
Дзюдо

Израиль астанасы Иерусалимде өтіп жатқан дзюдодан жылдың ең ірі әрі қорытынды Masters турнирі әйелдер арасында 63, 70 келі, ерлер арасындағы 73 және 81 келі салмақ дәрежелеріндегі белдесулермен жалғасады, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі. 

Қазақстандық дзюдошы арулар бүгінгі салмақ дәрежелерінде бақ сынамаса, ерлер арасында 73 келіде екі, 81 келіде 1 спортшымыз өнер көрсетеді.

73 келі. Жансай Смағұлов - Марк Христов (Болгария)

73 келі. Данияр Шамшаев - Хикматиллох Тұраев (Өзбекстан)

81 келі. Абылайхан Жұбаназар - Сами Чочи (Бельгия)