Абиба Әбужақынова қола жүлде үшін сынға түседі

Абиба Әбужақынова қола жүлде үшін сынға түседі
Дзюдо

Иерусалимде (Израиль) дзюдодан Masters турнирі басталды. Алғашқы жарыс күнінде 6 спортшымыз бақ сынап, Абиба Әбужақынова қола жүлдеге таласуға мүмкіндік алды, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі. 

Ол жарыс жолында алғашқы белдесуін Чили спортшысы Мэри Ди Вегас Лейгетқарсы өткізіп, келесі кезеңге өтті. Екінші кезеңде Эллен Саленсті 2:0 есебімен жеңген Абиба Әбужақынова ширек финалда франциялық дзюдо шеберімен кездесті. Ширин Боуклимен болған теке-тіресте қазақстандық спортшы 1:2 есебімен жеңілді, ал жұбаныш белдесуінде америкалық Мария Лабордені жеңіп, қола жүлде үшін сынға түсетін болды.