Сергей Морозов UFC-дегі үшінші жеңісіне қол жеткізді

Сергей Морозов UFC-дегі үшінші жеңісіне қол жеткізді
Жекпе-жек

Лас-Вегаста (АҚШ) өткен жекпе-жек кешінде қазақстандық Сергей Морозов UFC-дегі үшінші жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі. 

UFC Fight Night турнирі кардының шымылдығын ашқан қазақстандық спортшы америкалық Джурни Ньюсонмен кездесті. Жеңіл салмақта өнер көрсететін спортшылардың жекпе-жегі белгіленген үш раундқа жалғасып, Сергей Морозов төрешілердің шешімімен жеңіске қол жеткізді - 30:37, 29:28, 29:28. 

Бұл - оның кәсіби мансабындағы 19-жеңісі. Сергей Морозов UFC-де өткізген бес кездесуінің үшіншісінде жеңіске жетіп отыр. 

Бүгінгі жекпе-жек Морозовтың америкалық ”Ruby” компаниясымен жасаған келісімшартынан кейін, UFC-де қол жеткізген алғашқы жеңісі екенін еске сала кетейік.