Морозова мәреге үшінші келді
Қысқы спорт
16-18 желтоқсан күндері Канаданың Калгари қаласында конькимен жүгіру спортынан әлем кубогының 4-кезеңі өтіп жатыр. Екінші жарыс күніндп Наджеда Морозова ел қоржынына қола медаль салды, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.
1500 м қашықтықты 1 минут 53 секундта жүгіріп өткен қазақстандық конькиші жапон спортшысы Михо Такаги мен нидерландтық Антуанетта Рийпма-де Йонгке жол беріп, қолаға қол жеткізді.
Осыдан бір апта бұрын дәл осы Калгариде өткен әлем кубогының 3-кезеңінде Надежда Морозова 1500 метрді бағындыру сынында күміс медаль иеленген еді.