Пара шаңғышы Ербол Хамитов қос жүлдеге қол жеткізді

Пара шаңғышы Ербол Хамитов қос жүлдеге қол жеткізді
Қысқы спорт

Бұл күндері Финляндияның Вуокатти қаласында пара шаңғыдан әлем кубогының бірінші кезеңі өтіп, онда қазақстандық спортшылар да бақ сынап жатыр, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі. 

Қазақстандық пара шаңғышы Ербол Хамитов спринтте күміс жүлде иеленсе, 10 шақырымдық жарыста қолаға қол жеткізді. 

Пара шаңғы мен пара биатлоннан әлем кубогы үш кезеңнен тұрады. Алғашқы кезең 7-19 желтоқсан күндері аралығында Финляндияның Вуокатти қаласында өтіп жатыр. Ал екінші кезеңі АҚШ-та, үшінші кезең Жапонияда өтеді. Спортшылар осы әлем кубогы кезеңдерінде 2026 жылғы қысқы Паралимпиада ойындарына лицензия алу үшін қажетті ұпай санын жинайды.