Роналду Мендешпен ара-қатынасын үзбек

Роналду Мендешпен ара-қатынасын үзбек
Футбол

Португалия ұлттық құрамасының шабуылшысы, "Манчестер Юнайтед" футбол клубының экс-ойыншысы Криштиану Роналдудың агентінің қызметіне көңілі толмай жүр, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі. 

Испаниялық басылымдардың жазуынша, Криштиану Роналду мен Жорже Мендештің арасында түсініспеушіліктер пайда болған. Оған себеп - Мендештің Роналдуға сай топ-клуб тауып, ұсына алмауы. 

Атақты футболшы басқа агенттердің қызметіне жүгінуге әзірленіп жатқан көрінеді. Атап айтса, Роналдудың жаңа командаға ауысуына Антеро Энрике көмектесуі мүмкін.

Сондай-ақ, алдағы уақытта Криштиану Роналду мен Жорже Мендештің ара-қатынасы үзілуі мүмкін. Футболшы агентіне Чемпиондар лигасынан клуб табу деген міндет қойған. Алайда бұл әзірге Мендештің қолынан келер емес.