Ауыр атлетика: ел қоржынына екінші медаль түсті
Басқа
Бұл күндері Колумбия астанасы Боготажа ауыр атлетикадан әлем чемпионаты өтіп жатыр. 96 келіге дейінгі ерлер арасында болған сында екі спортшымыз өнер көрсетіп, біреуі күміске қол жеткізді, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.
Жұлқа көтеруде 174 келіні, серпе көтеруде 209 келіні бағындырған, жалпы 383 келі зілтемірді басынан асырған қазақстандық Нұрғиса Әділетұлы әлем чемпионатының күміс жүлдесіне ие болды.
Бұл салмақта жарыс иесі Лесман Паредес (397 - 185+212) чемпион атанса, оның отандасы Джор Морено (380 - 171+209) қола медаль иеленді.
Нұрғиса Әділетұлының жүлдесі ел қоржынына түскен екінші медаль екенін айта кетейік. Бұған дейін Алексей Чуркин әлем біріншілігінің қола жүлдегері атанған болатын.