PUNCHER IESF PUBG MOBILE әлем чемпионатының үздік ойыншысы атанды

PUNCHER IESF PUBG MOBILE әлем чемпионатының үздік ойыншысы атанды
Киберспорт

Қазақстандық киберспортшы Бақытжан ПАНЧЕР Елменбет PUBG MOBILE дисциплинасы бойынша IESF әлем чемпионатының үздік ойыншысы деп танылды, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі. 

Марапаттау рәсімі кезінде отандық ойыншы лайықты MVP атағын алды.

Еске сала кетейік, 15 матчтың қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы IESF бойынша 14-ші әлем чемпионатының жеңімпазы атанды. Дамир AXZCER Омаровтың командасына жеңісі үшін 50 мың АҚШ долларын сыйақы берген. Турнир 2-10 желтоқсан аралығында Индонезияның Бали аралында өтті. Жалпы жүлде қоры 100 мың АҚШ долларын құрады.