Надежда үмітті ақтады
Қысқы спорт
Надежда Морозова Канаданың Калгари қаласында өтіп жатқан конькимен жүгіруден әлем кубогінің үшінші кезеңінде 1500 метрде жарысудан күміс жүлдегер атанды, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.
Қазақстандық спортшы бұл қашықтықты 1:52.823 секундта жүгіріп өтті. Ал бәрінен жылдам бағындырған жапон Михи Такаги (1:52.549). Қола жүлде нидерландтық Антуанетта Рийпма-де Йонгке бұйырды.
Осы сайыста бақ сынаған қазақстандық Екатерина Аидова 15-сатыға тұрақтады.