Алжирдегі әлнм кубогы кезеңінде 7 семсерлесушіміз сынға түседі
Басқа
ҰОК
15-18 қазан аралығында Оран қаласында (Алжир) семсерлесуден әлем кубогының кезеңі өтеді. Халықаралық жарыста Қазақстан намысын 7 спортшы қорғайды, деп хабарлайды Bassport.kz ҰОК-ге сілтеме жасап.
Ерлер арасындағы сабля бәсекесінде Артур Чупраков, Қуаныш Ерғашбай, Артем Саркисян және Назарбай Саттархан бақ сынайды.
Ал әйелдер арасында Карина Доспай, Анастасия Гулик және Әйгерім Сарыбай өнер көрсетеді.
Айта кетейік, қазақстандық спортшылар жекелей және командалық сайыстарда жүлдеге таласады.