Спорттық гимнастикадан ӘЧ-де бақ сынайтын қазақстандықтар белгілі болды

Спорттық гимнастикадан ӘЧ-де бақ сынайтын қазақстандықтар белгілі болды
Басқа

ҰОК

Спорттық гимнастикадан Нидерландтың Роттердам қаласында өтетін әлем чемпионатына қатысатын Қазақстан құрамасының тізімі анықталды, деп хабарлайды Bassport.kz ҰОК-ге сілтеме жасап. 

Дүбірлі додада ел намысын алты гимнаст қорғайды. Атап айтқанда Нариман Курбанов, Милад Карими, Дмитрий Патанин, Ильяс Азизов, Нуртан Идрисов, Роман Хегай бақ сынайды. Бұл бәсекеде 2028 жылы Лос-Анджелесте өтетін Олимпиада ойындарына арналған алғашқы командалық жолдамалар сарапқа салынады. Айта кетейік, әлем біріншілігі 17-25 қазан аралығында өтеді.