Қазақстандық дзюдошы әлемдік рейтингіде үздік ондыққа енді
Жекпе-жек
Спортты дамыту дирекциясы
Шерзод Давлатов 2026 жылғы әлем чемпионатындағы табысты өнерінен кейін Халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) жаңартылған рейтингінде үздік ондыққа енді, деп хабарлайды Bassport.kz Informsports.kz-ке сілтеме жасап.
60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде белдесетін отандасымыз әлем чемпионатында алғаш рет финалға шығып, күміс жүлдегер атанды. Осы жетістігінің арқасында ол әлемдік рейтингіде бірден 15 сатыға көтеріліп, 24-орыннан 9-орынға жайғасты.
Аталған салмақтағы өзге қазақстандық дзюдошылардың рейтингідегі орындары да белгілі болды:
Аман Бақытжан – 24-орын (5 саты жоғарылады);
Талғат Орынбасар – 25-орын (2 саты төмендеді);
Мағжан Шамшадин – 50-орын (6 саты төмендеді);
Елдос Сметов – 115-орын (2 саты жоғарылады).