Сәбина Алтынбекова үлкен спортқа қайта оралды

Сәбина Алтынбекова үлкен спортқа қайта оралды
Басқа

Танымал қазақстандық волейболшы Сәбина Алтынбекова аздаған үзілістен соң, үлкен спортқа қайта оралды. Ол кәсіби мансабын Біріккен Араб Әмірліктерінің "Әл-Васл" командасы сапында өнер көрсетеді, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі. 

Спортшы өзінің Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында спорттық мансабын қайта жандандыраты туралы жазды. 

"Қатарға қайта қосылдым және жеңіске жетуге дайынмын. Бір жыл қарқынды дайындық өз нәтижесін берді. "Әл-Васл" командасының бір мүшесі болғаным үшін қуаныштымын", - деп жазды Сәбина Алтынбекова.