Пара хоккейден Қазақстан құрамасы Францияны ірі есеппен жеңді

Пара хоккейден Қазақстан құрамасы Францияны ірі есеппен жеңді
Хоккей

6-11 желтоқсан аралығында Таиланд астанасы Бангкокте пара хоккейден 2022 жылғы әлем чемпионаты өтіп жатыр, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі. 

Әлем біріншілігінің С тобында өнер көрсетіп жатқан Қазақстан құрамасы турнирдегі екіншы ойынын Франция ұлттық командасына қарсы өткізіп, қарсылас қақпасына жауапсыз он шайба соқты. Сөйтіп, қазақстандық пара хоккейшілер жарыстағы екінші жеңісіне қол жеткізді. Бұған дейін ұлттық құрама Таиландты 7:0 есебімен жеңген. 

Енді ұлттық құрама Ұлыбритания мен Австрия командаларымен кездеседі.