Арли Чонтей жүлдеден бір қадам жерде тоқтады

Арли Чонтей жүлдеден бір қадам жерде тоқтады
Басқа

Қазақстандық зілтемірші Арли Чонтей ауыр атлетикадан Колумбия астанасы Боготада өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық спортшылар арасынан жарыс жолын бірінші болып бастап, жүлдеден бір қада жерде тоқтады, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі. 

55 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Арли Чонтей жұлқа (118 келі) және сілке (141 келі) көтеру нәтижесінде жалпы 259 келі зілтемірде бағындырып, қолаға қол созым жерде жарыс жолын аяқтады. 

Бұл салмақта 265 келіні (117+148) бағындырған таиландтық Тхирапонг Силачай алтын иеленсе, вьетнамдық Сон Дин Нго - 260 (117+143) келімен күміс еншіледы. Ал дәл осындай 260 келіні (115+145) бағындырған оңтүстік кореялық зілтемірші Ким Йонгхо қоланы қанағат тұтты. 

Ауыр атлетикадан биылғы әлем чемпионатында ел намысын 13 спортшы қорғап жатыр.