Путинцева Уханьдағы WTA 1000 турнирінің іріктеу финалына өтті

Путинцева Уханьдағы WTA 1000 турнирінің іріктеу финалына өтті
Теннис

ҚТФ

Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Қытайдың Ухань қаласында өтіп жатқан WTA 1000 санатындағы турнирдің іріктеу кезеңін жеңіспен бастап, шешуші айналымға жолдама алды, деп хабарлайды Bassport.kz Informsports.kz-ке сілтеме жасап.

Әлемдік рейтингіде 82-орында тұрған Юлия Путинцева іріктеу кезеңінің алғашқы айналымында Румыния өкілі, әлемнің 62-ракеткасы Елена-Габриэла Русемен кездесті. Тартысты өткен бірінші сетте қазақстандық теннисші 7:5 есебімен басым түсті. Ал екінші партияда есеп 2:1 болып, Путинцева алда тұрған сәтте румыниялық спортшы кездесуді жалғастырудан бас тартты. Осылайша, отандасымыз келесі кезеңге өтті. Енді Юлия Путинцева турнирдің негізгі кезеңіне шығу үшін шешуші матч өткізеді. Қазақстандық теннисшінің келесі қарсыласы австралиялық Тейла Престон (WTA рейтингінде 91-орын) мен америкалық Эшлин Крюгер (73-орын) арасындағы кездесудің жеңімпазы болады. Алдағы кездесуде жеңіске жеткен жағдайда Путинцева Уханьдағы беделді WTA 1000 турнирінің негізгі жеребесіне жолдама алады.