Конькимен жүгіруден Қазақстан ерлер құрамасы 4-орынға тұрақтады

Конькимен жүгіруден Қазақстан ерлер құрамасы 4-орынға тұрақтады
Қысқы спорт

Конькимен жүгіруден Канада қаласы Квебекте өткен Төрт құрлық чемпионатының командалық сынында бақ сынаған Қазақстан ерлер құрамасы 4-орынға тұрақтады, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі. 

Командалық сында ел намысын қорғаған Бағдаулет Сағатов, Виталий Щиголев пен Демьян Гаврилов әртүрлі қашықтықтарды жалпы 3 минут 54 секундта жүгіріп өтіп, төртінші орынға табан тіреді.

Жарыстың алтын медалі Оңтүстік Корея, күмісі Канада, қоласы Қытай құрамаларына бұйырды.