Қазақстандық семсершілер екі қоланы қанжығаға байлады

Қазақстандық семсершілер екі қоланы қанжығаға байлады
Басқа

Семсерлесуден Өзбекстан астанасы Ташкентте өткен әлем кубогы командалық сынмен жалғасын тауып, Қазақстанның ерлер және әйелдер құрамасы қос қоланы қоржынға салды, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі. 

Қазақстан әйелдер құрамасының намысын қорғаған София Актаева, Алена Гноева, Надежда Шустова мен Алина Искандерова қанжар сынында қола жүлдегер атанды. Үшінші орын үшін болған бәсекеде қазақстандық спортшылар Молдова құрамасын 45:30 есебімен жеңді. 

Жартылай финалда жарыс жеңімпазы Мысыр еліне жол берген қарудың найза түрінен Қазақстан ерлер құрамасы қола үшін Қырғызстанмен сынға түсті. Богдан Лукин, Ғабиден Мұстафин, Александр Федотов пен Георгий Тинников қырғыз спортшыларынан 45:32 есебімен басым түсіп, қолаға қол жеткізді.

Осылайша, семсерлесуден жасөспірімдер арасындағы әлем кубогында Қазақстан қоржынына бір алтын, екі қола медаль түсті.