Ғалымжан Қырықбай Токиода қолаға қол жеткізді

Ғалымжан Қырықбай Токиода қолаға қол жеткізді
Дзюдо

Дзюдодан Токиода өтіп жатқан Grand Slam бәсекесінде Қазақстан қоржынына қола медаль түсті, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.

100 келіден жоғары салмақ дәрежесінде бақ сынаған Ғалымжан Қырықбай жарыстың қола жүлдегері атанды. Ол турнир барысында барлығы төрт кездесу өткізіп, оның үшеуінде жеңіске жетті.

Ал 100 келіге дейінгі салмақта қолаға қол созған Нұрлыхан Шархан Токиодағы Grand Slam-ді 5-орынмен аяқтады.