Қазақстандық конькишілер төрт құрлықтың чемпионатында екі медаль жеңіп алды
3-5 желтоқсан аралығында Канаданың Квебек қаласында конькимен жүгіруден төрт құрлықтың чемпионаты өтіп жатыр. Жарыстың бірінші күні қазақстандық спортшылар бір алтын және бір күміс медаль жеңіп алды, деп хабарлайды BasSport тілшісі.
Виталий Щиголев төрт құрлық чемпионатының жеңімпазы атанды. 5000 метр қашықтыққа жүгіруден споршымыз 6:22.815 уақыт көрсетіп, алтын жүлде жеңіп алды. Күміс медальді Сын-Хун Ли (Оңтүстік Корея) иеленсе, үздік үштікті Джордан Белчос (Канада) түйіндеді.
Ал тағы бір спортшымыз Надежда Морозова күміс жүлдегер атанды. Спортшымыз 3000 метрге жүгіруден 4:05.517 минут уақыт көрсеткішімен екінші орынға тұрақтады.
Бірінші және үшінші орында сәйкесінше канадалық Валери Мальтейс пен Беатрис Ламарч орналасты. Бұл турнирде алты елдің мықтылары сынға түсуде: АҚШ, Канада, Қытай, Жапония, Оңтүстік Корея және Қазақстан.
Қазақстан командасының құрамы:
1. Надежда Морозова
2. Екатерина Айдова
3. Евгений Кошкин
4. Александр Кленко
5. Артур Галиев
6. Демьян Гаврилов
7. Виталий Щиголев
8. Бағдаулет Сағатов
9. Дмитрий Морозов
10. Андрей Зуев