“Төрт күннен кейінгі теке-тірес”: “Барыс” “Автомобилистті” қабылдайды

Хоккей
Құрлықтық хоккей лигасы тұрақты маусымы аясында бүгін “Барыс” өз айдынындағы кезекті ойындар сериясын бастап, “Автомобилистті” қабылдайды, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.
Командалар осыдан төрт күн бұрын Екатеринбургте кездескен. Тартысты матч овертаймға жалғасып, “Автомобилист” өз алаңында 4:3 есебімен жеңген. “Барыс” сапынан Никита Михайлис, Егор Петухов пен Энтони Луис шайба соқты.
Ал өткен ойында “Барыс” “Тракторды” сенімді жеңіп, плей-офф сегіздігіне қайта енді. “Автомобилист” болса, соңғы ойынын астаналық клубқа қарсы өткізген.
Матч Астана уақытымен 19:30-да басталады, ал оның тікелей көрсетілімін BasSport.kz сайтынын “Трансляциялар” бөлімінен көруге болады.