Биатлоннан әлем кубогы кезеңінің эстафетасында бақ сынайтын Қазақстан құрамасы жасақталды

Биатлоннан әлем кубогы кезеңінің эстафетасында бақ сынайтын Қазақстан құрамасы жасақталды
Қысқы спорт

Бүгін биатлоннан Контиолахтиде (Финляндия) өтіп жатқан әлем кубогы кезеңінде екі эстафета өтеді, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі.

Ерлер арасындағы эстафетада Қазақстан намысын Александр Мухин, Әсет Дүйсенов, Владислав Киреев пен Сергей Сирик қорғайды. Ал биатлоннан Қазақстан әйелдер құрамасы эстафетаға қатыспайды. 

Жекелей жарыста Владислав Киреев мәре сызығына 71-ші, Александр Мухин 79-шы, ал Сергей Сирик 96-шы болып келген.