Сырт айдындағы ойындарды “Трактормен” тәмамдайды

Сырт айдындағы ойындарды “Трактормен” тәмамдайды
Хоккей

Құрлықтық хоккей лигасы тұрақты маусымының аясында “Барыс” кезекті екі матчтан тұратын сырт айдындағы ойындар сериясын “Трактормен” аяқтайды, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі. 

Бұл екі команданың осы маусымдағы екінші бетпе-бет кездесуі болмақ. Қыркүйекте (13 қыркүйек) өткен матчты “Барыс” өз айдынында өткізіп, қарсыласынан 3:1 есебімен басым түскен. 

Өткен ойында “Барыс” “Автомобилистен” овертаймда (4:3) ұтылды және әлі де турнирлік кестеде 9-орында келеді. Ал “Трактор” соңғы матчын мәскеулік “Спартакқа” қарсы өткізіп, 3:5 есебімен жеңілген. Челябі облысы командасы “Барыстан” 2 ұпайға көп жинап, плей-офф аймағына еніп тұр. 

Матч Астана уақытымен 20:00-де басталады және оның тікелей көрсетілімін BasSport.kz сайтының “Трансляциялар” бөлімінен көруге болады.